«Oil Services Company» ЖШС қызметіне тексерулер жүргізілді

«Oil Services Company» ЖШС қызметіне тексерулер жүргізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2017 жылдың екінші жартыжылдығына  арналған ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес, 2017 жылғы 25 қыркүйек пен 13 қазан аралығында «Oil Services Company» ЖШС қызметіне тексерулер жүргізілді. Онда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын жою  жөніндегі ұйғарымдамалар берілді.

2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚР Заңы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағының 1-тармақшасын  есепке ала отырып, 2018 жылғы қаңтардың 10-ы мен 12-сі аралығында бұрын берілген ұйғарымдамада анықталған кемшіліктердің орындалуы жоспардан тыс тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша ұйғарымдаманың 28 тармағы орындалмағандығы анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 12.01.2018 жылғы №4 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

2018 жылдың 24 қаңтарында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Oil Services Company" ЖШС-н ұйғарымдаманы тиісті деңгейде орындамағаны үшін қосымша өндірулерсіз бес жүз айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.