
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығы Еуразия елдері бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың Министрлік жетекшілік ететін бірқатар бағыттары туралы ақпарат алмасты.
Көлік бағыты бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арналған 2017-2018 жылдарды қамтитын Елдік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жергілікті қосылған құн тізбектерін оңтайландыру» бірлескен жобасы талқыланды. Жобаның мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көліктік байланыстарды кеңейту саясаты бойынша ұсынымдар дайындау. Министр қазақстандық тараптың жобаның жүзеге асырылуына мүдделі екендігін мәлімдеді.
Кездесу ЭЫДҰ-ның аталмыш жобаның ресми тұсаукесері мен мемлекеттік органдар мен ұйымдармен екіжақты кездесулер өткізу мақсатында 29 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтіп жатқан Қазақстандағы арнайы миссиясы аясында ұйымдастырылды.