ҚР ИИДМ-де лифт саласын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР ИИДМ-де лифт саласын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бейнеконференция режимінде Министр Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен лифт саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес болып өтті. 

Жиынға «ҚазЛифт» қазақстандық лифт құрылысы компаниясы» ЖШС төрағасы Төлебекұлы Жұмасарлық, «Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті Ержан Игибаев, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов қатысты. 

Кеңесте Министрлік бекіткен лифт саласын дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру жайы, сондай-ақ лифтшілер қауымдастығының ұсыныстары талқыланды.

Аталған жол картасы аясында келесі шаралар атқарылды:

  • Лифттер бойынша ұлттық стандарт «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті болды;
  • Коммуналдық қызметтер көрсету ережелері әзірленді, оған лифттер бойынша ұлттық стандарт нормаларын қолдану міндетті екені көрсетілді;
  • Құрылыс объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамаларына Қазақстанда өндірілген лифттердің құнын енгізу;
  • Құрылыс кезінде және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту барысында отандық лифтілерді сатып алу барысын мониторингілеу;
  • Лифт шаруашылығын жаңартуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына мониторинг жүргізу қарастырылған.

Сонымен қатар, лифтшілер қауымдастығымен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жасауға құқық беретін аттестаттау жүргізетін заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары әзірленіп, келісілді. Заңды тұлғаларды аттестаттау талабына сәйкес лифтерді монтаждаумен, техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаты бар заңды тұлғалар ғана айналыса алады. Осылайша атқарылатын жұмыс сапасы артады.      

Айта кететін жайт, Қазақстанда қазіргі уақытта 23 476 лифт бар. Олардың 1684-і немесе 7 % жөндеуді, 4 400-і немесе 18 % алмастыруды қажет етеді. Осыған орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лифт шаруашылығын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету үшін тиісті Комитеттерге лифтшілер қауымдастығымен бірлесіп, мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шараларын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, ТКШ қазақстандық орталығы операторы арқылы лифттерді алмастыруды қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.