"Назар-Текстиль" кілем тоқыма фабрикасы тігін жіптерін шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр

"Назар-Текстиль" кілем тоқыма фабрикасы тігін жіптерін шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр

Кілем тоқу- ежелден Азия, Еуропа және Кавказ халықтарының қолданбалы өнерінің түрі. Біздің ата-бабамыз кілемдерді алтын мен күміс сынды асыл құндылықтармен тең бағалаған. Әр киіз үйдің сұлулығы мен мерекелік келбетін түкті және тегіс кілемдер берді. Осылайша осы күнге дейін кілемдер біздің көз алдымызда өзінің тартымдылығын сақтап келеді. Бүгін кез келген сауда орталығында кілем бұйымдарының сан түрлерін көруге болады. Иран, Түркия, Пәкістан, Қытай кілемдерімен қатар отандық өнімдер де жиі кездеседі. Отандық кілемдерді өндірушілердің бірі "Назар Текстиль" кілем тоқыма фабрикасы болып табылады.

"Назар Текстиль" ЖШС компаниясы 2012 жылы құрылды, оның негізгі қызметі еліміздің аумағында кілемдер мен кілем бұйымдарын көтерме – бөлшек саудасын жүргізу еді. Компания қызметінің саласын кеңейтуді жоспарлай отырып, кілем бұйымдарын өндіретін өз фабрикасын салу туралы шешім қабылдайды. Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыс алаңын ұсынды.

2014 жылдың тамыз айында кілем фабрикасының құрылысы бойынша инвестициялық жоба табысты іске асырылды және сол жылдың желтоқсан айынан бастап кілем фабрикасы өзінің кілем және кілем бұйымдарын шығара бастады.

Фабриканың құрылысымен қатар VanDeWiele бельгиялық кілем тоқу станоктарына тапсырыс берілді. Бұл станоктар әртүрлі санаттағы кілемдерді дайындауға мүмкіндік береді: полипропиленнен бастап жоғары сапалы жүн және акрил кілем бұйымдарын тігуге болады. Сондай-ақ, кілемдерді әрлеудің өндірістік желісі үшін қосымша жабдықтар алдыңғы қатарлы түрік компанияларынан сатып алынды.

Бүгінде фабрикада жеті станок пен сапалы материалдар қолданылады. Осылайша, тәулігіне 6 000 шаршы метр кілем тоқылады. Жақын арада тағы екі станок сатып алу жоспарланған, яғни фабриканың өндірістік қуаты  тәулігіне 9 000 шаршы метр кілемге дейін артады. Өндіріс ошағы жұмыс істей бастағалы шығарылатын өнімнің басты түрі- классикадан модернге дейінгі түрлі түсті полипропилен иірімжіптен жасалған қабырғалық, жерге төселетін сәндік және қарапайым кілем бұйымдары. Полипропилен төсемдерінің артықшылықтарына қолжетімді бағаны, күтімнің қарапайымдылығын, ылғалға төзімділігін, сондай-ақ түрлі түстердің кең таңдауын жатқызуға болады.

Сондай-ақ "Назар-Текстиль" ЖШС кілем фабрикасы аумағында кілемдер мен кілем бұйымдарын дайындау үшін ВСF, Heat-set, Frize сапалы полипропилен иірімжібін өндіру бойынша корпусты пайдалануға беру жоспарлануда, бұл компанияға кілем тоқу станоктарының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сатып алушылар үшін кілемдер мен кілем бұйымдарының бағасын айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Жабдықты OerlikonNeumag, SaurerVolkmann және Superba сияқты жетекші еуропалық фирмалардан сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, негізгі міндеттердің бірі тігін жіптерін өндіретін зауытты ашу болып табылады. Бұл қадам өндірістік үдерісті қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Шымкент қ., Енбекші ауданы

Ленгер тас жолы, 7 км, «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аймақ

+7 (7252) 92 16 16;
+7 (7252) 435-333
+7 775 301 50 50
https://nazartextile.kz/