
2017 жылы 11 желтоқсаннан бастап 2018 жылы 23 қаңтар аралығында кезеңінде Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша Департамент қызметкерлері, Астана қаласы «Есиль» ауданы, № 14 ПББ мекен-жайы бойынша орналасқан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ ерекше тәртіп бойынша жоспарлы тексеру жүргізілді.
Тексеріс нәтижелері бойынша Департамент басшысының орынбасары Қ. Қыздарбеков «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылығымен техникалық кеңес өткізді.
Департаменттің тексеру қорытындысы бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, 100 АЕК (240 500 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.