Парламент депутаттары «Даму» бастауыш партия ұйымының жиынына қатысты

Парламент депутаттары «Даму» бастауыш партия ұйымының жиынына қатысты

«Транспорт Тауэр» ғимаратында «Даму» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сағыновтың төрағалығымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті.

Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Инновациялық даму және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Еділ Мамытбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жайылғанова, ҚХА мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Рустам Абдусаламов және «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Е.Мамытбеков Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қойған барлық жаңа реформалар мен міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Жайылғанова Жолдауды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алдында тұрған міндеттердің үлкен екенін айтты. «Төртінші индустриялық революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда белгіленген он мәселенің бесеуі сіздердің министрліктеріңіздің құзыретіне кіреді. Оларды іске асыруда сіздер маңызды рөл атқарасыздар», - деді депутат.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Р.Абдусаламов Жолдаудан әркім өз мүмкіндіктерін тауып, оларды белсенді түрде жүзеге асыруға шақырды. Әркім өз жұмысында жаңалық енгізуге, процестерді автоматтандыруға, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жағдай жасауға ұмтылулары керек. «Өйткені, жемқорлықпен айналысу - өзіңнен, отбасыңнан, балаңнан ұрлағанмен бірдей», - деді Рустам Абдусаламов.

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Қожахметов осы күндері Парламент депутаттары «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен осындай ондаған кездесулері өткізіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, ол Президент жүргізіп отырған барлық реформалардың сабақтастығына тоқталды. «Әрбір стратегиялық құжат алдыңғы бір маңызды бастамалардың логикалық жалғасы болып табылады. Онда негізсіз және сенімсіз шешімдерге орын жоқ. Осының нәтижесінде Қазақстан жылдам қарқынмен алға жылжып келеді», - деді Ш.Қожахметов.