ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары етіп Д.Р.Махаевтың тағайындалғаны туралы ақпарат

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары етіп Д.Р.Махаевтың тағайындалғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып Махаев Дастан Рамазанұлы тағайындалды.

1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының кеден органындағы қызметінде бастаған. «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті әкімшілінде бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары болды. 

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ретінде заңдық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.