
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мұнай- химия өнеркәсібі және геологияны мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімінің мамандарымен ағымдағы жылдың 8 қаңтары мен 10 қаңтары аралығында «Жітіқаракоммунэнерго» МКК 7 ақпан 2017 жылы мен 22 ақпан 2017 жылы аралығында айрықша тәртіп бойынша жүргізілген тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік –құқықтық актілерінің талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ертеректе берілген нұсқамасының орындалуын бақылау бойынша тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ертеректе берілген нұсқаманың 4 тармағының орындалмағандығы анықталды.
Жоғарыда аталған нұсқама тармақтарын орындамағаны үшін әкімшілік істің материалдары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 462 б. 3 бөліміне сәйкес Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотына жолданды.
Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының 2018 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен «Жітіқаракоммунэнерго» МКК Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 462 б. 3 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танылып, оған 500 АЕК, яғни 1 202 500 тенге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік өндіру салынды.
