
"ОралАгроРемМаш"АҚ- елімізде арнайы техника шығарумен айналысатын ірі кәсіпорн. Зауыт 1955 жылы құрылған, міне 60 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан мен таяу шет елдердің нарығын қажетті арнайы техникамен, сыйымды-құю техникасымен, металл құрылымдарымен және түрлі қоршаулармен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт аумағы 17 гектарды алып жатыр,онда 5 негізгі және 4 қосалқы цех орналасқан.
Өндіріс ошағы жалпы халықтық танымалдылыққа 2000 жылдан бастап өрт сөндіру автоцистерналарын шығара бастағанда ие болды.
Ал, 2010-2012 жылдар аралығында зауыт толық жаңғыртудан өтті, соның ішінде барлық цехтар жаңғыртылды, ыстық мырыштау желісі, технологиялық жабдықтар паркі жаңартылды және зауыт қызметкерлері толық аттестаттаудан өтті. Ал 2013 жылы зауыт автоқұю станцияларын (АҚС-14К Z), 2014 жылы шассиге және жартылай тіркемеге аэродромдық отын құюшыларды шығаруды (АОҚ) игерді.
Өндіріс тарихында зауыт әртүрлі бағыттағы 100 000-нан астам техника шығарды. Зауыттың басты артықшылығы-шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы. Бұған техникалық жабдықты үнемі жаңғырту, жаңа заманауи технологияларды енгізу және инженерлер мен мамандардың біліктілігін ұдайы арттыру есебінен қол жеткізіледі.
"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын елдің индустрияландыру картасына енгізілген бірнеше жобаны жүзеге асырды: "автошассидің түрлі үлгілерінде арнайы және коммуналдық автотехниканы өндіруді ұйымдастыру" және жылына 500 бірлік арнайы техника өндірістік қуаттылығына жетті.
Соңғы 20 жылда кәсіпорын ГАЗ, КАМАЗ, УРАЛ, МАЗ, УАЗ, Хундай, Ивеко шассиі базасында 60-тан астам арнайы техниканы игерді:
Аталған өнімді зауыт тапсырыс берушінің техникалық талаптары бойынша, кез келген модификация мен жиынтықта дайындауға қабілетті. Жинақтаушы заттар мен материалдар негізінен Ресейден сатып алынады. Арнайы автотехниканың құны 30 млн. теңгеден 80 млн. теңгеге дейін.
Сонымен қатар, металдан бұйымдар жасау — зауыттың өндірістік қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Кәсіпорын мамандары техникалық тапсырма бойынша да, немесе берілген сызбалар негізінде тапсырысқа кез келген күрделіліктегі металл бұйымдарын дайындауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, зауытта күрделілігі әртүрлі деңгейдегі металл құрылымдары дайындалады. Компанияның білікті қызметкерлері мен заманауи жабдықтар өнім сапасының жоғары деңгейіне кепілдік береді. Өндірістік база айына 500 тоннаға дейін әртүрлі металл құрылымдарын шығаруға мүмкіндік береді.
Мекен-жай: Орал қ. Шыңғырлау 7/1
+7 (7112) 24 12 43
+7 (7112) 28 30 56
+7 (708) 758 96 94
+7 (775) 666 35 75