Сауалнамаға қатысушылардың 75% тұрмыстық техниканың энергия тиімділігі туралы ақпаратқа назар аударатынын айтқан

Сауалнамаға қатысушылардың 75% тұрмыстық техниканың энергия тиімділігі туралы ақпаратқа назар аударатынын айтқан

Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы "Тұтынушылардың энерготиімді жабдықтар мен құралдардың артықшылықтары туралы хабардар болуы" атты әлеуметтік зерттеу қорытындысын жариялады.

Аталмыш шара 2018-2019 жж. Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтті. Ақпарат жинау халықпен сауалнама жүргізу (face-to-face) арқылы өтті.  Іріктеу бойынша жасы, білім деңгейі және тұратын жері бойынша ересек (18 жастан және одан жоғары) адамдар анықталды. Сонымен қатар, бұл жобаға көп жылдық тәжірибесі бар білікті әлеуметтанушы мамандар қатысты.
Сауалнама нәтижелері бойынша 2018 жылы "энерготиімді тұрмыстық техника" түсінігі 41,6% респонденттің пікірінше энергияны және онымен байланысты қаржылық шығындарды үнемдеуге байланысты. Ал, 2019 жылы сұралғандардың едәуір бөлігі (43%) тұрмыстық техниканың энергия тиімділігін коммуналдық қызметтерді төлеу кезіндегі шығындарды үнемдеумен байланыстырады.
Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы 2018 жылмен салыстырғанда энергия тиімділігі сыныбы туралы таңбалауды түсінудің айтарлықтай өскенін көрсетті. Сауалнама мәліметтері бойынша, респонденттердің 75% тұрмыстық техниканың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратқа назар аударады.
Тұрмыстық заттардың энергия тиімділігі олар тұтынатын энергия көрсеткішімен анықталады. Негізінен, энергия тиімділігі индексі тұрмыстық техниканың энергияны нақты және стандартты жылдық тұтынудың қатынасы ретінде есептеледі. Есептеу әдістемесі  техниканың әрбір тобы үшін жеке, бірақ жалпы класс жоғары болса, техника үнемді болып табылады.
Мысалы, кір жуғыш машина үшін энергия тиімділігі көрсеткіші сағатына тұтынылатын қуат жүктемесінің ең жоғары көлеміне арақатынасынан құралады. Тоңазытқыштарда энергия тұтыну класын есептеу үшін камералардың көлемі, олардың ішіндегі ең аз ықтимал температура, аспапта қосымша опциялардың (автоматты түрде еріту және т.б.) болуы ескеріледі. Ал тұмшапештер үшін энергия тиімділігі класы камераның қуаты мен көлеміне байланысты анықталады. Бұл ретте әр түрлі көлемдегі пештер үшін энергия үнемдеу мәндерінің әртүрлі диапазондары қарастырылған. Ал, ауа баптағыштар үшін энергия тиімділігі класын есептеу олардың функционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі. Бір арналы немесе екі арналы сплит-жүйе, сумен және ауамен салқындату жүйесі бар немесе жоқ, салқындату және жылыту режимдерінің болуына назар аударылады. Әр түрлі ауа баптағыштар үшін энергия тұтыну класын анықтау үшін әр түрлі мәндер қолданылады. Теледидарға арналған қуат үнемдеу класы тұтынылатын қуат көрсеткіші экран өлшеміне қатынасы ретінде анықталады. Ыдыс жуатын машинаның энергия тиімділігі индексі –жуу және кептіру тиімділігінің жеке сыныбын қамтамасыз етеді.
Осылайша, тұрмыстық электр құралының энергия тиімділігі көрсеткішін біле отырып, үнемді өнімді сатып алуға болады, сол арқылы электр энергиясын төлеуге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бар.