Алматыда «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу» халықаралық көрмесі басталды

Алматыда «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу» халықаралық көрмесі басталды

«Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу». Дәл осындай атаумен еліміздің ірі мегаполисінде жиһаз өнеркәсібіне арналған көрме өтіп жатыр.

Аталған іс-шара «АтакентЭкспохалықаралық көрме компаниясы мен Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының бастамасымен қолға алынды. Бұл көрме маусымның 16-на дейін «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында жалғасады.

Іс-шараның ашылуына ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев қатысты. Оның айтуынша, мұндай көрмелердің отандық жиһаз әріағаш өңдеу өнеркәсібін дамытудамаңызы зор

Отандық жиһаз өндірісінде ауқымды оқиғаға айналған бұл көрменің алаңында жыл сайын мамандар мен сарапшылар нарықтың даму қарқыны және үрдісіне кешенді талдау жүргізіп, озық өнім үлгілерін көрсетуге, тың технологиялық әзірлемелермен танысуға, сондай-ақ өндірушілер, шикізат тасымалдаушылар және тұтынушылар ашық диалог орнатуға мүмкіндік алып отыр.  

Биыл көрмеге Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Қытай, Пәкістан, Түркия және Өзбекстаннан 150-ден астам кәсіпорын мен компаниялар қатысып жатқанын айта кеткен орынды