
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын Департамент қызметкерлері арасында талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Департамент бақылау-қадағалау фнкциясын атқаратындықтан, Жолдаудың тоғызыншы бағыты - Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы түсіндіруге баса назар аударылды.
Талқылау барысында Жолдаудың тоғызыншы бағытын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы сияқты жоспарланған іс-шараларға тоқталып өтті.