
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ 2018 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан халқына Жолдауына байланысты департамент қызметкерлерімен “дөңгелек үстел” өткізілді. Отырыс барысында Жолдаудың барлық бағыттарына тоқталып, жан жақты талқылады.
Департамент қызметкерлері бірінші, үшінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы қадамдарға байланысты өз ойларын ортаға салды.
Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізу бойынша болашақта еліміз жаңа технологияларды игеру тұрғысынан алдыңғы қатарлы ел болуымыз кереке екені жайлы айтылды.
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі бағыты бойынша мемлекеттік қызметкер жемқорлық жағдайларын туғызбау үшін қызметін мінсіз атқару және ҚР-ның заң талаптарын барынша сақтау міндетті екені айтылды.

