Қытайда Транскаспий сауда-транзиттік дәлізінің рөлі талқыланды

Қытайда Транскаспий сауда-транзиттік дәлізінің рөлі талқыланды

Бейжіңде (ҚХР) Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ)  дамыту бойынша Халықаралық конгференциясы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудағы Шығыс-Батыс Транскаспийлік сауда-транзиттік дәлізінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ Конференцияда Әзірбайжан, Грузия, Түркия өкілдері және ҚХР Сауда министрлігінің өкілдері баяндама жасады.

Конференцияның мақсаты Транскаспий дәлізінің перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Конференция барысында интеграцияланған аймақтық транзиттік-логистикалық инфрақұрылымның мәселелері, сондай-ақ бағыт бойындағы елдермен бірлескен шешімдерді талап ететін мәселелер көтерілді.

Бұл сұхбат алаңы еуразиялық континент елдерінің мүдделерін жақындатуға және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мультимодальды тасымалды дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ықпал етеді.

Международная конференция.

Международная конференция.

Международная конференция.

Международная конференция.