Брюссельде қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту мәселелері талқыланды

Брюссельде қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту мәселелері талқыланды

Брюссельде «Қоршаған ортаны қорғау және су  ресурстары саласындағы Еуроодақ пен Орталық Азия арасындағы өңірлік ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін өңірлік үйлестіру және қолдау (WECOOP2)» Еуропалық одақтың жобасымен ұйымдастырылған қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту жөніндегі ЕО-ОА Жұмыс тобының 7-кеңесі өтті. Кеңеске халықаралық ұйымдар, қаржылық институттар, Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және жеке меншік секторының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында экологиялық саясатты дамытудың ағымдағы міндеттері мен перспективалары қаралды. Орталық Азия елдерінің Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) қаржыландыруына қол жеткізудің жақсарту жолдары айтылды, ХҚҰ қарастыру үшін сумен жабдықтау, энергия тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару саласындағы Орталық Азия елдерінің жобалары ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрлігінің, Энергетика министрлігінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және ҚР ҮЕҰ Экофорумының өкілдері қатысты.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Инвестиция тарту және МЖӘ департаментінің директоры  Макка Жарқынбаева халықаралық ынтымақтастықты дамыту, қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу және жасыл технологиялардың тікелей инвестициялар қорын құру және ТКШ жаңғырту бойынша компанияның жоспарлары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтау, энергия тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару саласында жобаларды қаржыландырудың негізгі қағидаттары туралы айтып берді.

Қазіргі кезде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты жолға қою жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Астанадағы «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 Италия павильонында өткен Жұмыс тобының алдағы отырысында WECOOP2 жобасы қатысушыларға «Инвесторлар жөніндегі нұсқаулық» түпкілікті жобасын және «Өңірлік білім орталығы» веб-порталын ұсынған болатын.  Бұл құралдардың мақсаты – банктік қаржыландыру үшін сапалық жобалық ұсыныстарды әзірлеу бойынша озық практикамен бөлісу, сондай-ақ инвестицияларды қаржыландыру үшін тиісті ХҚҰ және донорлардың талаптары мен шарттары туралы ақпарат беру.

Қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту жөніндегі ЕО-ОА Жұмыс тобының 8-кеңесі биыл маусым айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді.

Анықтама үшін:

 «Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласында Еуроодақ пен Орталық Азия арасында өңірлік ынтымақтастықтың деңгейін арттыру үшін өңірлік үйлестіру және қолдау (WECOOP2)» жобасының екінші кезеңі 2016 жылғы тамызда Еуропалық одақпен іске қосылды. Жоба Орталық Азиядағы серіктестер арасындағы диалог пен орнықты дамуды нығайтуды жалғастыруға және олардың қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту мәселелерінде ЕО-мен ынтымақтастығына жәрдемдесуге бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық платформасы ОА мемлекеттерімен келісілген Орталық Азия үшін ЕО стратегиясы негізінде 2009 жылы Римде (Италия) ЕО-ОА жоғары деңгейдегі (министрлік) конференцияда құрылды. ЕО-ОА қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту жөніндегі жұмыс тобы ЕО-ОА өңірлік ынтымақтастығы саласындағы басым іс-қимылдарды айқындауға көмектеседі және өңірлік деңгейде, сондай-ақ ЕО мен ОА арасында диалог пен ынтымақтастықты нығайту жолымен Платформаны қолдайды. 2010 жылдан бастап ЕО-ОА Жұмыс тобының алты отырысы өткізілді. Италияның Қоршаған орта, жер және теңіз ресурстары министрлігі ол 2009 жылы құрылған сәттен бастап Жұмыс тобының (ЖТ) төрағасы болып табылады.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ Қазорталық» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kz

совещание Рабочей Группы ЕС-ЦА.

совещание Рабочей Группы ЕС-ЦА.

совещание Рабочей Группы ЕС-ЦА.