Шымкенттегі шұлық бұйымдарының фабрикасы жылына шамамен 16 млн. жұп өнім шығарады

Шымкенттегі шұлық бұйымдарының фабрикасы жылына шамамен 16 млн. жұп өнім шығарады

Шұлық бұрыннан бері гардеробтың ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі кездегі сәнді үрдістерді ескере отырып, шұлықтар тек баршамызға қалыпты рөлді ғана емес, сонымен қатар адамның стилін көрсететін жарқын аксессуар ретінде де пайдаланылады. Әрине, шұлықтарды таңдау кезінде бірнеше факторларға сүйену керек. Былай қарасаңыз, ең жеңіл нәрсе  шұлық таңдау сияқты. Дегенмен заманауи нарық қазір шұлық  өнімдерінің түр-түрін ұсынады. Мысалы, біздің елімізде "Әлем-БТ" фабрикасының шұлық  бұйымдары көпшіліктің сұранысына ие болып отыр. Өйткені компания балалар, ерлер және әйелдер шұлықтарын табиғи шикізаттан шығарады.

Кәсіпорын 2015 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру картасы аясында пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі 1 млрд 800 млн теңгені құрайтын өндіріс ошағында 250 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Фабрика өндірісінің көлемі жылына 16 млн. жұп бұйымды құрайды және шұлық  дизайндарының қатары мыңға жетеді.  Бүгінде Alemsocks сауда маркасымен танылған дайын өнім Қазақстанның, сондай-ақ ЕАЭО және Еуропа елдерінің тұтыну нарығында ұсынылған.

Оңтүстік Кореядан сатып алынған заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалану, өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өнімділігін ынталандыру отандық және шетелдік нарықта жоғары сұранысқа ие сапалы шұлық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өндірістің толық жабық циклін қамтиды: бастапқы шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін. Технологиялық жабдықтың 250-ге жуық бірлігі 24/7 режимінде тапсырыстармен жүктелген.

"Әлем-БТ" фабрикасында өнім шығаруға өсімдік және жануар тектес табиғи талшықтар (мақта, жібек және жүн) негізіндегі материалдар, сондай-ақ синтетикалық талшықтарды (спандекс, полиэстер, аралас жіптер) пайдаланады.

 

Сонымен қатар,  мақта - мата иірімжіпті Өзбекстан мен Қазақстанның кәсіпорындары жеткізеді, жүн Италия өндірушілерінен, ал, Корея мен Қытайдан синтетикалық иірімжіп пен бояғыштар сатып алынады. Шикізат өндірушілерімен жасалған тікелей келісімдер фабрикаға сапалы әрі бағасы қолжетімді тауар шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек  дайын өнімдегі қазақстандық қамту үлесінің көрсеткішін арттыру үшін фабрика жергілікті өндірушілердің шикізатын барынша пайдаланады.

Daring Group S.R.L., LVT S.R.L., La Blu Fashion Italian Line S.R.L., S.G. Di Grandi Paolo Lino E Ornella S.N.C., «Вега групп», «Калипсо» сынды ірі шетелдік компанияларымен орнатылған іскерлік қарым-қатынас экспорттың дамуына, сондай-ақ жаңа идеяларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.

 

Спандекс пен латекс синтетикалық жіптерін бояу және құру кезеңінде өндіріс процестерін оңтайландыру өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Компания таңдаған өндірісті дамыту және тұтыну нарығын қамту стратегиясы тауарды өткізу арналарын кеңейтуге және жаңа тұтынушыларды тартуға мүмкіндік береді.

 

Alemsocks сауда маркасының өнімдері сапасы мен бағасының қолжетімділігі арқасында күн сайын жоғары сұранысқа ие болып отыр. Оның дәлелі ретінде экспортқа бағытталған өнімдер көрсеткішін атауға болады, мысалы 2018 жылдың алты айында "Әлем-БТ" ЖШС экспортының көлемі жалпы өндіріс көлемінің 17% - ын құрады, ал 2019 жылдың осы кезеңінде өндірілген өнімнің 63% - ы Италия мен Ресейге экспортталды.

 

Шымкент қ., "Оңтүстік" АЭА, 127 құрылыс

 

+7 (7252) 92 12 12

+7 (778) 008 00 70