"Қазфосфат" 10:46 маркалы аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

"Қазфосфат" 10:46 маркалы аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

"Қазфосфат" ЖШС Қазақстанның химия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Фосфорит кендерін өндіру, өңдеу және байытудан бастап, химиялық өнімнің кең ассортиментін – сары фосфор, оның туындылары мен фосфоры бар тыңайтқыштарға дейін шығарады. Дайын өнімді алыс және жақын шетелдерге, ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Алты мыңнан астам адам жұмыс істейтін Жамбыл облысының ірі өндіріс ошақтарының бірі. Бүгінгі таңда "Қазфосфат" - еліміздегі сары фосфор мен аммофос өндірісін жүргізетін жалғыз кәсіпорын. Еліміздің химия өнеркәсібінідегі өндіріс көрсеткішінің 30% астамы осы компанияға тиесілі. Кәсіпорын жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі-  фосфор минералды тыңайтқыштарын өндіру.

Компания құрылымында үлкен қоры бар шикізат фосфат базасының, меншікті күкірт қышқылы мен энергия ресурстарының болуы - фосфоры бар тыңайтқыштарды өндіру саласындағы бизнестің тұрақты дамуына, олардың қатарын көбейтуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы нарықта да сату үшін тұтыну қасиеттерін арттыруға өте тиімді.

Фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 76892 тоннадан 393 420 тоннаға дейін өсті. Өсім 5,1 есе құрады. Бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің жалпы көлемінің 89 пайызы 27-ден астам елге экспортталады, олардың қатарында Еуропа, ТМД, Азия және Америка елдері бар.

2010-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру кезінде "Қазфосфат" ЖШС-де инновациялық технологияларды қолдана отырып, қолданыстағы қуаттарды қайта құру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жасалды. Осы жылдар ішінде ірі инвестициялық жобалар аяқталды:

- № 5,6,7,8 пештерде пеш газын кәдеге жарату жүйесін салу;

- тағамдық ортофосфор қышқылы өндірісін салу;

- Чехияның "Фосф" компаниясымен бірлесіп натрий гексаметафосфаты өндірісін салу;

- фосфор қалдығын кәдеге жарату;

- сары фосфорды органикалық зиянды қоспалардан тазарту;

- электрогенерациясы бар күкірт қышқылы өндірісін салу;

- сары фосфорды күшәннің зиянды қоспаларынан тазарту;

- кептіру барабандары мен Фс пешінен кейін тазалау жабдығын ауыстыру;

- ЭФК цехын қайта құру;

- аммофос цехының БГС қайта құру.

Қазіргі уақытта "Қазфосфат" ЖШС өз алдына 10:46 маркалы аммофос шығаруды жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр.

Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде бәсекеге қабілетті өндірістік қуаттарды құрып қана қоймай, шет елдерге жоғары технологиялық өнімді сенімді жеткізуші ретінде танылды.

Мекенжайы: Тараз қ. Абай көшесі, 126 үй

+7 (7262) 45-14-94

+7 (7262) 43-15-50