
2018 жылғы 2 ақпанда ТМД елдерінің Үкімет басшылары, АҚШ-тан, Сингапурдан, Швейцариядан, Ұлыбританиядан, Аустриядан, Ресейден, Украинадан Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар облысындағы көшбасшы халықаралық сарапшылары, Қазақстан және ТМД елдері меморгандардың басшылары, отандық және шетелдік корпорациялар, бизнес-қауымдастық өкілдері және 150-ден аса қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жаһандану дәуірдегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы өтті.
Форум аясында, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған, «Өнеркәсіпті цифрландыру» тақырыбында панельді сессия өткізілді.
Панельдік сессияға өндірісті автоматтандыру мен басқару бойынша Фраунгофер атындағы институттың консультативті кеңесінің төрағасы Бургхард Шиль, ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Александр Готовский, РФ Өнеркәспіті дамыту қоры бас директорының орынбасары Владимир Распопов, POSCO ICT маркетинг бойынша тобының жетекшісі Сунг Вон Джо, «Байтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифханов, «Еуразиялық топ» ЖШС Басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Казцинк» ЖШС бас директоры Александр Хмелев, сонымен қатар Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Баитов Қанат Құрмашұлы қатысты.
Іс-шараға қатысушылар өнеркәсіпті цифрландырудың өзекті мәселелерін, заманауи тенденцияларды, индустрияны дамытудың перспективалары мен жетістіктерін талқылады.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде өнеркәсіпті цифрландырылудың мемлекет экономикасының дамуындағы маңызды рөліне, кедергі келтіретін тосқауылдарға айрықша тоқталды және бұл бағытта Министрліктің шетелдік компаниялармен атқарған жұмыс жайлы айтты(Институт Fraunhofer, Business Sweden даму институты және Nokia халықаралық компаниясы).