
2017 жылдың 31-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент), Департаменттің жұмыс жоспарын орындау мақсатында Департамент басшысының төрағалығымен Алматы қ. бойынша «Атамекен» кәсіпкерлердің Палатасы өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша 2017 жылы департамент атқарған жұмыстар» сараланған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында жеке меншік кәсіпкерліктін субъектілеріне әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелері мен қабылданған шаралар қаралды.
Даурен Тлеубаевтың кіріспе сөзінен кейін, Қазандық және газ шаруашылығы объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Г. Джұмағазиева дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша жеке меншік кәсіпкерліктін субъектілеріне әкімшілік кедергілерді төмендету туралы айтты.
«Казремэнерго» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің бастығы Владимир Харламов, «Казферросталь» ЖШС-нің қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінің бастығы Марина Масленникова, «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздігі қызметінің бастығы Виктор Тимофеев сөз алды.
Дөңгелек үстелді өткізу қорытындысы бойынша, шешімдер қабылданды:
Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын барлық кәсіпорындарға, жеке меншік кәсіпкерліктін субъектілеріне 4.0.технологиялық құрылыстын барлық артықшылықтарын пайдалануымен үстемді инновациялық технологияларды еңгізу үшін әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша ұсыныстарды беру;
2) АГҚБ және АЖҚБ үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге кәсіби әскери апаттық құтқару қызметтерімен және құрамалармен келісім жасау туралы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16-шы бабы 3-ші тармағының 18-ші тармақшасының талабын алып тастау бойынша ұсыныстарды беру;
3) Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-інің «Алдын алу» 43-ші бабты өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіпте бойынша тексерістердің нәтижелері бойынша қолдану бойынша өзгерісті еңгізу бойынша «Казремэнерго» АҚ-ның қауіпсіздік пен еңбек қорғау қызметінің бастығы В. А. Харламовтын ұсынысы бойынша пікірлерді жолдау;


