
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті 2017 жылдың 14 желтоқсаны мен 2018 жылдың 26 қаңтарының аралығында 2017 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның нысандарына тексеріс жүргізілді. Онда 104 нысан тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 268 құқық бұзушылық анықталды. Оның негізінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бөлімінің 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға жалпы сомасы 240 500 теңге болатын айыппұл салынды.
