ҚР ИДМ 2017 жылдың қорытындысын шығарып, 2018 жылдың міндеттерін белгіледі

ҚР ИДМ 2017 жылдың қорытындысын шығарып, 2018 жылдың міндеттерін белгіледі

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген негізгі міндеттерді орындаудың бағыттары айтылды. Отырысқа орталық мемлекеттік орган басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, «Бәйтерек» ҰБХ өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің индустриалды-инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасарлары, Министрлікке бағынысты аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті.  

«Негізінен өндіріс көлемінің өсімі металлургия (+5,9%), азық-түлік өндірісі (+4,1%), мұнай өңдеу (+5,0%), химия өнеркәсібі (+7,2%), фармацевтика (+41,8%), жеңіл өнеркәсіп (+7,3%), машинажасау (+5,6%), құрылыс материалдары өндірісі  (+ 3,7%) есебінен артып отыр.     2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,3%-ға өсті (22,3 мың АҚШ долл./адам).2017 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1%-ға артып, 14 млрд. АҚШ долларын құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция  4,7%-ға өсті (981,6 млрд. теңге)»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.          

2017 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,5 трлн. теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл жалпы сомасы 1 трлн. теңге болатын 150-ден астам жобаны іске қосып,  15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Индустрия 4.0-ге көшу үшін бастапқы қажетті жағдайлар жасалды. Биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарау жоспарланып отыр (Кәсіпорындардың шығындарын өтеу кезінде шығындардың түрлерін анықтау, гранттар беру, қол жетімді несие капиталы және т.б.).

2018 жылғы Жолдауда жүктелген тапсырмаларға сәйкес, инновация және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы Тұжырымдамасы  әзірленеді.

2017 жылы инвесторлар үшін басым секторларда қолданыстағы инвестициялық ынталандыру мен жеңілдіктер шеңберінде 100-ден астам жоба преференция түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл инвестиция тарту мәселесі күшейтілетін болады. Жалпы индустрияландыру жылдарында (8 жыл) өңдеу секторына 28 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 2017 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінің ТШИ-дегі үлесі 24%-ға дейін өсті»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазақстан ірі экспорттаушы елдер арасында 53-ші орынды иеленеді. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өнімі 122 елге экспортталады.

Анықтама үшін:2017 жылдың 11 айында экспорт 31,6% өсіп, 43,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорт көлемі 15,8% артып, 26,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан нарығындағы экспорттың үлесі: ЕО 50%, Қытай 12%, ЕАО 11%, СА 5%.

Қазақстан мыс, титан, ферроқорытпа, сары фосфор, ұн, мақта майы, бидай, зығыр тұқымын жеткізу бойынша әлемде көшбасшы ел.

Министрлік жер қойнауын пайдалану құқығын Австралиялық модель бойынша жеңілдетті. 2017 жылы 58 объектіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізілді (56 объект бойынша аукцион өткізілді), жазылым бонусының жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгені құрады.

Анықтама үшін: 2017 жылы алтын қорының өсуі 35 тонна, күміс - 25 мың тонна, уран - 14 мың тонна, вольфрам - 70 тонна, мыс - 1,1 млн. тонна, жер асты сулары - 43 мың м3/тәулігіне.

2015 жылдан бастап Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдаудың жалпы көлемі 60% -ға дейін артты (2015 жылы - 212 мың ЖФЭ, 2016 жылы - 245 мың ЖФЭ немесе 15%, 2017 жылы - 347,5 мың немесе 41%).

«Жыл сайын Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлер саны екі есеге артатын болады (2015 жылы - 47,4 мың ЖФЭ, 2016 жылы - 104,6 мың ЖФЭ, 2017 201 мың ЖФЭ). 2020 жылы бәсекеге қабілетті тарифтік ставкалар құру нәтижесінде серіктес елдермен келісілген іс-қимылдар жасау нәтижесінде транзиттік трафиктегі контейнерлік қозғалыс көлемін 2 млн. ЖФЭ-ге дейін немесе 10 есеге (2015 жылы 212 000-ға дейін) ұлғайту жоспарлануда»,-деп атап өтті министр.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 602 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жаңғыртылды. 2018 жылы республикалық маңызы бар 528 шақырым автожолды реконструкциялау жоспарланып отыр.

2017 жылғы тұрғын үй құрылысы жалпы ауданының физикалық көлем индексі 106,2%-ды құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 100,8 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.