
2018 жылғы 13 ақпанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ («ТКШ Қазорталығы») мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өзара ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар арасындағы ынтымақтастықты «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қатысуымен өткізілетін көппәтерлі тұрғын үй-жайларды тиімді басқару және күтіп ұстау мәселелерін нығайту.
Меморандумға сәйкес, тараптар МЖӘ жобаларын іске асыруда және тұрғын ғимараттарды энергиямен жабдықтау және олардың энергиялық тиімділігі, инфрақұрылымдық тұрғын үй кешеніне бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат жинау тетігін сынақтан өткізу бөлігінде сүйемелдеу ынтымақтастығын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.
«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, мұндай жобалардың іске асырылуы көппәтерлі тұрғын үйлерді кәсіптік басқару және күтіп ұстау салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Жалпы алғанда, аталған іс-шаралар тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және еліміздің тұрғын үй қорының инвестициялық тартымдылығын арттырады.
ТКШ жаңғыртудың және дамытудың оңтайлы үлгісін белгілеу және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызмет бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасында пайдалану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеуде.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлердің айтарлықтай пулын басқарып отыр және ол «ТКШ Қазорталығы» АҚ бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, инфрақұрылым объектілеріне заманауи технологияларды енгізу, тұрғын үй ғимараттарының энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде екіжақты өзара пайдалы әріптестікті дамытуға ниетті. Бұл үшін компанияларда барлық қажетті мүмкіндіктер мен ресурстар бар»,- деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбай.
2017 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бизнес пен адами капиталдың мобильділігі үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасауды қамтитын 2018-2027 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекіткен болатын.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес 2009 жылы құрылыды.
2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ дағдарысқа қарсы бағдарламадан және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының операторынан қызметі отандық экономиканың әлеуетін дамытуға, бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға, халық пен адами капиталдың мобильділігін, логистиканы және Қазақстанның аумақтық дамуын қолдауға бағытталған тиімділігі жоғары компанияға сапалы көшуді жүзеге асырып жатыр.
Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kz
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды