
Астанада Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының негізгеі өзгерістерін талықау және пікір алмасу жөнінде сараптамалық кеңес өтті. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және сарапшы-практиктер қатысты.
Кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта тұрғын үй заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың ең қолайлы үлгісін қалыптастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына шағын және орта бизнесті одан әрі тартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы бекітілді. Ол бойынша салыстырмалы кесте дайындалатын болады.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша, барынша қолайлы ұсыныстар мен толықтырулар қалыптастырылады, олар одан әрі қаралуы үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жіберіледі.
Анықтама үшін:
БҰҰДБ елдердің дағдарысқа қарсы төтеп беруін арттыру мақсатымен олардың мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып және әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін дамуды ынталандыра және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. Біз 177 ел мен жер аумақтарында тікелей жұмыс істейміз және адамдардың анағұрлым толыққанды өмір сүруіне ықпал ететін, мемлекеттердің өміршеңдігін жоғарылататын ғаламдық пайымдаулар мен жергілікті шешімдер ұсынамыз.
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229),a.karibzhanova@zhkh.kz, БҰҰДБ: Абдрахманова Динара, +7172-696544 (ішкі 2611), dinara.abdrakhmanova@undp.org