
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Химия және фармацевтика өнеркәсібі басқармасының сарапшысы Ілияс Оралбаевтың қатысуымен 2018 жылғы 6-8 ақпанда Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Химиялық заттар бойынша комитетінің (бұдан әрі – ЭЫДҰ ХЗК) 57-і отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мамандары қатысты. Бұл отырыс Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ ХЗК-ға кіру бойынша бірінші қадамы. Отырыс барысында жабық сессияда химиялық заттар айналымы бойынша Қазақстан Республикасының құқықтық негізінің таныстырылымы өтті және қоршаған ортаны қорғасынмен ластау мәселесіне қатысты есеп тыңдалды. Сондай-ақ, көрсетілген мағлұматтарғы ЭЫДҰ ХЗК-тың мемлекет қатысушыларының мәселелері талқыланды.