«Giessenhaus» өндіріс алаңына қазақстандық электролиз зауытынан бірінші рет сұйық алюминий жеткізілді

«Giessenhaus» өндіріс алаңына қазақстандық электролиз зауытынан бірінші рет сұйық алюминий жеткізілді

2017 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында телекөпір режимінде өткен «Индустрияландыру күні» 25 индустриалық нысан мен жобалар іске қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жобалары ішінде қоспалы алюминий өндіретін «Giessenhaus» жобасы үздік деп танылды.

ERG тобына кіретін Павлодардағы «Қазақстандық электролиз зауыты» ЖШС-де (бұдан әрі- «ҚЭЗ» АҚ) өндірілетін бастапқы алюминий Қоспалы алюминий өндірісінің негізгі шикізаты.

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Giessenhaus өндіріс алаңына Қазақстандық электролиз зауытынан сұйық алюминийді жеткізу бірінші рет іске асырылды. Бұрын, кәсіпорын іске қосылғанға дейін алюминий құймаларынан қоспалы алюминий өндірісі іске асырылып келді.

Жылжымалы құрамның жөнелтуінің алдында отбақырлар арнайы жылытқыштары бар цехта 750 градусқа дейін отқабырдың ішінде қыздырылады және осы қыздырылған күйінде «ҚЭЗ» АҚ–на келеді, бұл сұйық алюминийді тасымалдау технологиясының талаптары.

«ҚЭЗ» АҚ –та отбақырға сұйық алюминий құйылады, олар Giessenhaus цехына жіберіледі.

Сұйық алюминийді жеткізу MAN автокөлігінде техникалық қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтай отырып іске асырылады (отбақырды тасымалдау үшін арнайы бекітпелері бар жартылайшанақпен жабдықталған ).

Жылжымалы құрам цехқа кіреді, содан кейін отбақырлар кранмен шанақтан шешіледі де пешке құйылады. Ішіндегісі қыздырылған пештерге төгіледі. Мөлшерлеуіштердің көмегімен қажетті қоспа қосылады, содан кейін өнімділігі сағатына 6 тонна автоматтық конвейердің көмегімен металлдың құймаларға құйылуы іске асырылады. Кейін тұғырықта қаптамаланады немесе дайындалған қорытпа жеңілқұймалы автомобиль дискілерді өндіруге мамандандырылған «КиК Павлодар» ЖШС-на беріледі,

«ҚЭЗ» АҚ мен «Giessenhaus» ЖШС ынтымақтастығы былтырғы жылдың ортасында басталды. Осы уақытта алюминийлік құйма күйіндегі 170-тоннадан аса өнім жөнелтілді. Осы жылы металлдың барлық көлемін сұйық күйде жөнелту жоспарланды, бұл «Giessenhaus» ЖШС-ға шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.