Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті қызметкерлері және қоғамдық бақылау бірлестігі мүшесі В. Окишевтің қатысуымен «ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ 2018 жылғы 9 ақпанда  сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқыланған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресуде жаңа тәсілдерді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік  қызметтерді көрсету  мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары Елбасының 2018 жылғы 10 қантардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы тапсырмасындағы талаптарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.