
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 1 жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша кестеге сәйкес ағымдағы жылдың акпан айының 6-ы мен 13-і аралығында «Норс Каспиан Ойл Девелопмент» ЖШС-ің (әрі қарай - «НКОД» ЖШС) қауіпті өндірістік нысандарына тексеру жүргізді.
«НКОД» ЖШС-і көмірсутек шикізатты Дараймола Восточная и Дараймола Западная кен орындарын сынамалы пайдалану жұмыстарын іске асыруда. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларының 22 бұзушылықтары анықталды, соның ішіндегі негізгі бұзушылықтары ғимараттар мен құрыстардан объектілердің қауіпсіз арақашықтығының сақталмауы, сақтандыру, бұғаттау құрылғылары жүйелерінің және қабаттық сұйықтықты қымтап жинауының, сонымен қатар жауапты лауазымды тұлғалардың құқығы мен міндеттерібойыншажәне оның орындалу шарттарын құрайтын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативті актінің болмауы болып табылады. «НКОД» ЖШС-ің қатынасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша ережелердің бұзылуына ҚР ӘҚБтК 298 бабы 1 бөліміне сәйкес әкімшілік материал толтырылып, 72 150,00 тенге (30 МРП) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша, «НКОД» ЖШС-і анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкессіздіктерді жою бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды.