
Бағдарламалық шешімдерге негізделген цифрлық технологиялардың жетекші жабдықтаушысы, Honeywell корпорациясы (NYSE: HON), және инновациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden), бірқатар жоғары технологиялық бағыттардағы даму мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталмыш әріптестік Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының нәтижесінде жүзеге асуда.
Қазақстанның өнеркәсіптік және қалалық дамуына бағытталған жоба бірқатар бағыттарды қамтиды, соның ішінде, кешенді автоматтандыру және қауіпсіздік, өндіріс үдерістерін басқару жүйесі, кәсіпорынның ақпараттық жүйелері, энергоқорлар мен энергиялық тиімділікті басқару, өндіріс пен ақылды қалаларға арналған шешімдер және т.б.
Меморандум Қазақстан өнеркәсібі мен ақылды қалаларға арналған шешімдердің дамып-жетілуін қаматмасыз етуші жаңа технологияларды бірлесіп зерттеу және ілгерілету жұмыстарын жүргізу үшін қажет негізді құрайды.
Honeywell корпорациясының қарқынды дамитын аймақтар бойынша президенті Шейн Тараджи: - «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ» Қазақстандағы инновациялық әзірлемелерді дамытудың үздік алаңы болып табылады, - деп белгіледі. – Меморандум Қазақстанның ауқымды интеллектуалдық қоры мен Honeywell-дың цифрлық өнеркәсіптік шешімдерін шоғырландыратын әріптестіктің басы. Осындай үйлесім инновациялық шешімдерді елдің көптеген қызмет салаларына енгізуге елеулі үлес қосады».
«ДКҚ Қазақстанның технологиялық құзыретінің дамуын инвестициялайтын трансұлттық корпорацияларды елге тарту жұмысын бесленді түрде атқаруда, - деп белгіледі «ИТП» ДКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков.
– Бағдарламалық әзірлемелер мен өнеркәсіптік технологияларды өңдеу саласындағы үздік Honeywell корпорациясымен орнатылған әріптестік экономикамыздың өнеркәсіп және қалалық секторларын цифрландыру жолындағы маңызды ресурс болып табылады».
Honeywell корпорациясының цифрлық шешімдер портфолиосы көптеген салалардың өсуін қолдап, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді, сонымен бірге, «Өнеркәсіп 4.0»/«Заттардың индустриалды Интернеті» (Industrial Internet of Things) концептуалды платформаларының негізгі элементтері болып табылады.
«Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, АҚШ компаниялары бизнес жобаларға миллиардтаған доллар инвестиция салып, Қазақстанның Орталық Азиядағы ең мықты экономикаға айналуына айтарлықтай үлес қосты. Осы меморандумда аталған американдық технологиялардың Қазақстанның өршіл даму мақсаттарына жетуге қолдау көрсетіп отырғанын мақтан тұтамын. Серіктестік дегенде осыны айтамын. Бұл АҚШ пен Қазақстан үшін асатиімді ынтымақтастық. Tech Garden ұйымына оның ұмтылысында үлкен жетістік тілеймін»,-деді Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшісі Джордж А.Крол.
Соңғы 20 жыл бойы Honeywell Қазақстандағы цифрлық технологиялар мен бағдарламалық әзірлемелерді қамтамасыз етудің жетекші жабдықтаушыларының бірі. Компанияның кеңселері Алматы мен Атырауда орналасқан, Астанадағы жаңа кеңсе 2018 жылы ашылады. Honeywell корпорациясының авиация саласына, мұнайгаз, мұнай өңдеу, энергетика, химия және мұнай-химия, металлургия, тау-кен өнеркәсіптеріне, тұрғын үйлерге, коммерциялық және қоғамдық ғимараттарға арналған шешімдері Қазақстан Республикасының көптеген нысандарына сәтті енгізілген.
Анықтама:
Honeywell
Honeywell әртараптандырылған корпорациясы (www.honeywell.com) бағдарламалық жасақтамалар мен өнеркәсіптік технологияларды әзірлеумен айналысады, «Fortune» журналы құрастырған 100 жетекші әлемдік компаниялардың тізіміне кіреді. Корпорация бүкіл әлем бойынша клиенттерге қызмет көрсетіп, келесі слаларда өз өнімдерін және қызметтерін ұсынады - аэроғарыштық және автомобиль өнеркәсібі, арнайы материалдар, индустриялық, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарды басқару жүйелері. Honeywell Ресейде және ТМД елдерінде 50 жылдан астам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ресейде 17 кеңсесі бар, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Арменияда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Honeywell автоматтандыру жүйелері Ресей мен ТМД елдеріндегі ірі зауыттарда орнатылған. Honeywell авионикасы, қосалқы электр станциялары және басқа да өнімдер ТМД елдерінің авиациялық тасымалдаушыларында орнатылған. Honeywell жабдығы күрделі инфрақұрылым объектілерінде, коммерциялық және өнеркәсіптік ғимараттарда, сондай-ақ мемлекеттік және әлемдік маңызы бар мәдени объектілеріндегі инженерлік жүйелердің қауіпсіздігін және тиімді басқаруын қамтамасыз етеді.
«ИТП» ДКҚ
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden) «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам» Мемлекеттік бағдарламасының 63-ші қадамы аясында қызметін жүзеге асырады; Алматыдағы жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-техникалық базасын нығайтады; Ұлттық экономиканың негізгі секторларындағы құзыреттілікті арттыру және жаңа өндірістерді құру үшін трансұлттық корпорациялар негізінде салалық технологиялық орталықтарды құрады; технологиялық компаниялар үшін толық циклді қолдауды қамтамасыз етеді; жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған компанияларды инкубациялау үшін отандық өндірісті дамытуға және Қазақстанға халықаралық стартаптарды тартуға бағытталған «Startup Kazakhstan» халықаралық акселерация бағдарламасын іске асырады.
