
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «ҚазақИнвест» АҚ-мен бірлесіп жалпы сомасы 47,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 145 инвестициялық жобаның базалық тізімін жасады. Оның құрамында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түрік («Жаңа синергия») және басқа да инвестициялық жобалар бар. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында Инвестиция тарту мәселелеріне арналған баяндамасында мәлімдеді.
«Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 27,7 млрд. АҚШ доллары болатын 51 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 140 млн. доллар болатын 4 жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаныңқұрылысы жүреді. Жалпы сомасы 363 млн. доллар болатын 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Биыл қытай капиталының қатысуымен 5 жобаның құрылысы басталады. (Қарағанды облысындағы өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндіретін зауыт құрылысы - $ 25 млн, Қызылорда облысындағы кальциленген сода өндіру - $ 265 млн және т.б.). Ондағы инвестиция көлемі 623 млн. долларды құрайды»,-деді Жеңіс Қасымбек.
Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасы аясында іске асырылатын 26 жоба бар. (Оңтүстік Мойынты алаңындағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жоба CalikHoldingкомпаниясы - $10 млн.;алюминий және пластмассалық пішіндер өндірісін қайта инвестициялаумен айналысатын GOLD Aluminiumкомпаниясы -$5,5 млн.).
«Бүгінгі таңда жалпы сомасы 3,5 млн. доллар болатын бір жоба іске асырылды. Биыл 15,5 млн. доллар болатын 2 жобаның құрылысы басталады. Ал, қалған жобалар пысықталу үстінде. Сондай-ақ, базалық тізімге Мемлекет басшысының шет елдерге жасаған іссапары аясында келісілген басқа да инвестициялық жобалар енгізілді. Жалпы, 145 жобадан ағымдағы жылы 1,6 млрд.АҚШ доллары сомасына 15 жобаның құрылысын бастау (Етті қайта өңдеу, Inalca (Cremonini) (Италия) - 48 млн. АҚШ доллары; Экструдталған аралас жем,Phoenix(БАЭ) - 15 млн. АҚШ доллары; жоғары сападағы әк өндірісі,Carmeuse Group (Бельгия) (1-фазасы) - 70 млн. АҚШ доллары; керамикалық зауыт,Yildizlar (Түркия) - 128 млн. АҚШ долларыжәне т.б.)және 3 млрд. АҚШ долларысомасына 23 жобаныіске қосу(табақ әйнекті өндіру және өңдеу зауытының құрылысы, Orda Glass (АҚШ) - 197 млн. АҚШ доллары, азық-түлік өндірісі, Mareven (Жапония/Вьетнам) - 50 млн. АҚШ доллары, металлургиялық зауыт Sin Yuan Steel (Амир-А)(ҚХР) - 40 млн. АҚШ доллары және т.б.) жоспарланып отыр»,-деді министр.
Министрлік Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асырудың белсенді фазасына көшті.
«2018 жылы 45 іс-шараны орындау жоспарланып отыр. Орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті атқарушы органдардың көпшілігі жұмылдырылатын болады. Визалық және көші-қон режимдерін, шетелдік жұмыс күшін тарту шарттарын, сондай-ақ салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады»,-деді министр.
Базалық тізілімге Қазақстанға инвестициялауға дайын шетелдік инвесторлардың жекелеген бастамалары да кірді. Министрлік базалық тізіліммен шектелмейді. Болашақта оған халықаралық қаржы институттарының (АДБ, ЕДБ, Дүниежүзілік банкі және т.б.) қаражаттары тартылатын жобалар, оның ішінде МЖӘ жобалары қосылады.