2018 жылғы 23 ақпанда «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерің сапасы» тақырыбында кәсіпкерлік субъектілерінің және жобалаушы кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Департамент басшысының орынбасары Берік Стамқұловтың төрағалық етуімен «қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызмет түрін көрсету кезінде дәлелді бас тартуларды азайту мақсатында жобалаушы кәсіпорындармен жиі жіберілетін бұзушылықтары талқыланды.
Жарылыс жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ережесіне енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Жиын соңында қатысушылар елімізде барлық мемлекеттік органдар жалпы қоғаммен бірге Заңға сәйкес және өз құзыры шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті белсенді жүргізу керектігін атап өтті.
