«ТрубРемЦентр» ЖШС-де өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс жүргізілуде

«ТрубРемЦентр» ЖШС-де өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 1-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «ТрубРемЦентр» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерісті бастады.

Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және бекітілген тексеру парақтарының талаптары аясында жүргізілуде, атап айтқанда «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы», «Қысымен жұмыс жасайтын жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы» және т.с.с.  Тексеріс 2018 жылдың 13 наурызына дейін жүргізіледі.