
2019 жылы "ҚазАзот" кәсіпорнына Индустрияландыру-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-3 аясында заем беру мақұлданды. Өндірісті әрі қарай жаңғырту жобаларын, оның ішінде "Бейтараптандыру және булау" жобасына мөлшерлемелерді субсидиялау жөнінде "ЦентрКредит Банкпен" келісімге қол қойылды.
Бұл жобалардың бәрі кәсіпорынның өндірістік қабілетін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған. Бұл бізге сапалы химиялық тыңайтқыштар өндіретін бәсекеге қабілетті кәсіпорынға айналып, Ресей мен Өзбекстандағы сала алпауыттарымен баға және сапа жағынан бәсекелесуге мүмкіндік береді,- деді "КазАзот" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айжан Балабатырова.
Толығырақ сілтемеде: dknews.kz