Отандық кәсіпорын «ТаразКожОбувь» жылына 500 мың жұп аяқ-киім шығарады

Отандық кәсіпорын «ТаразКожОбувь» жылына 500 мың жұп аяқ-киім шығарады

«ТаразКожОбувь» ЖШС - былғарыдан жасалған бұйымдар мен былғары аяқ киім өндіретін ірі отандық кәсіпорын. 1999 жылы бұрынғы Жамбыл былғары фабрикасының негізінде құрылды. 1961 жылы ашылған ол өндіріс ошағы КСРО кезінде былғары және аяқкиім өндірісіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болған.

Фабрикада бүгінде тері өңдеуден бастап, теріні илеу және дайын аяқ киім шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қалыптасты. Ол үшін компания тұрғындардан ірі қара мен ұсақ мал терісін сатып алады. Өйткені кез-келген бұйымның нәтижесі шикізаттың сапасына тікелей байланысты екені белгілі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың жұп аяқ киімді құрайды. Сонымен қатар, шығарылатын өнім ассортименті 80-нен астам үлгіні (етік, бәтеңке, туфли, сандалий, спорттық аяқ киім, ерлер, жасөспірімдер және балалар аяқ киімі) қамтиды. Инновациялық технологияларды енгізбей, отандық өнімге деген сұранысты өтеу мүмкін емес. Сондықтан кәсіпорын Италияның "Москони", "Рицци", "Картигльяно", "Джиматто", "Карлесси" (Италия), Ресейдің «АТОМ» сынды агрегаттары мен станоктарын сатып алды.

Бұдан басқа, 2009 жылы фабрика құрал-жабдықтарын жаңартып, Германияның "Desma" компаниясының аяқ киім табанын құятын қазіргі заманғы агрегаттарын сатып алды. Бұл агрегаттардың аяқ киімге арналған табан өндірісінің кең спектрі бар. "Desma" ПУ-ТПУ бірінші агрегаты төзімділігі  жоғары, жеңіл, май-бензинге төзімді. - 45ºС-тан +150ºС градусқа дейін температураға шыдас беретін полиуретаннан/термополиуретаннан жасалған екі компонентті табан шығарады. Мұндай аяқ киім металлургия және химия өнеркәсібі сияқты ортада жұмыс істеуге өте ыңғайлы. "Desma" екінші агрегаты (N.B. R/S. B. R) табанды жоғары сапалы резеңкеден жасайды. Ол май-бензинге төзімді, тез тозбайды және икемді. -70ºС-тан + 250ºС градусқа дейінгі температуға шыдамды. Мұндай аяқ киім әскери адамдар мен күш құрылымдары қызметкерлеріне арналған.

Бүгінде аяқ киім фабрикасы әскерге, күш құрылымдарына, күзет және құтқару қызметтеріне, түрлі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарға арналған шеге, желім және құю әдістерінің аяқ киімдерін, сондай-ақ халыққа арналған күнделікті аяқ киімдер шығарады. Сондай-ақ, кәсіпорын "Wet-blue", "Crest" былғары жартылай фабрикаттарын және дайын тері өндіреді.

2017 жылы компания тапсырыс берушілердің көптеген өтініштері бойынша заманауи аяқ киім өндірісін ПУ/нитрильді табаны, композитті соққыға қарсы және антипрокольдік кевлар ұлтарағы арқылы жолға қойды. Бұл аяқ киімнің төзімділігі өте жоғары, жүрген кезде жеңілдік сезіледі. Табанды жасау үшін пайдаланылатын екі компонентті полиуретанды жүйе гидролизге төзімді және жоғары жылу оқшаулағыш қасиеті бар.

"ТаразКожОбувь" ЖШС-де 250 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда фабриканың көп жылдық табысты жұмыс тәжірибесі, жеткілікті өндірістік және кадрлық әлеуеті, заманауи және қажетті түрлі мақсаттағы аяқ киім шығаруға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы бар.

 

Тараз қ.,  Сыпатай Батыр к. 2 үй

+ ‎7 776 277 00 08, +7 705 622 55 11

tko@tko.kz