Оңтүстік Қазақстан облысында қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингі ұйымдастырылады

Оңтүстік Қазақстан облысында қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингі ұйымдастырылады

2018 жылғы 23 ақпанда Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен және кәсіпорындары басшыларымен бірлесіп, ОҚО әкімдігі жанынан құрылған терроризмге қарсы комиссиясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, облыстағы террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысатыны тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

Сондай-ақ, ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы талқыланды.

Сонымен қатар, Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №343 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.