
Жамбыл облысында аймақтық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі семинар өткізілді.
Семинарға Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік энергетикалық тізілімге енген субъектілердің, ҚР ИДМ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ-ның, Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Департамент басшысы Талғат Байзақов Жамбыл облысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Талғат Байзақов өз сөзінде Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес кәсіпорындардың, ғимараттардың және жаңадан салынатын құрылыстардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру туралы міндеттеріне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, семинар барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдемелер жасалып, қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасты.

