«РУДНЕНСКИЙ ВОДОКАНАЛ» ЖШС ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ АЙРЫҚША ТӘРТІП БОЙЫНША ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«РУДНЕНСКИЙ ВОДОКАНАЛ» ЖШС ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ АЙРЫҚША ТӘРТІП БОЙЫНША ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мұнай-химия өнеркәсібі және геологияны мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімінің мамандарымен ағымдағы жылғы 5 - 19 ақпанда «Рудненский водоканал» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстары 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы айрықша тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің бекітілген графигіне сәйкес ұйымдастырылды.

«Рудненский водоканал» ЖШС – де суды залалсыздандыру үшін контейнерлердегі хлор пайдаланылады. Хлор улы зат болғандықтан, хлордың қоймалары мен хлораторлар қауіпті өндірістік объектілеріне жатқызылады және де өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестікке тексеруге жатады.

Аталған тексеру жүргізу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік – құқықтық актілерінің талаптарының 22 бұзушылығы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлға (ЖШС директоры) мен жеке тұлға жалпы сомасы 252 525 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның басшылары мен инженер техникалық жұмыскерлерімен жиын өткізіліп, онда анықталған бұзушылықтар мен оларды жою бойынша іс – шаралар талқыланды.