Қызылордада Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

Қызылордада Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

2018 жылғы 1 наурызда Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «1 Наурыз – Алғыс айту» күніне орай, аз қамтылған, көп балалы Айгүл Абайдуллаеваның отбасына азық-түлікпен (күріш, түрлі макарон өнімдері, шай, май, қант, көкөністер, тәттілер т.б.) қайырымдылық көмек көрсетті.   

Акцияның негізгі мақсаты - азаматтардың бір-біріне қолдау көрсетіп, адамға жылы лебізін таныту.

Өз кезегінде А.Абайдуллаева Департамент ұжымына алғыс айтып, ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.