ҚазҚСҒЗИ құрылыста ақпараттық модельдеуді дамыту туралы бірқатар келісімдер жасады

ҚазҚСҒЗИ құрылыста ақпараттық модельдеуді дамыту туралы бірқатар келісімдер жасады

Алматы қаласында Инвестициялар және даму вице-министрі Кайрбек Өскенбаевтың, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басшылығының, Ресей, Беларуссия, Литва елдерінен келген  делегаттардың қатысуымен халықаралық конференция өтті. Онда құрылысқа ақпараттық модельдеуді (бұдан әрі – «ВІМ») енгізудің тәжірибесімен алмасты. Технология қағаз сызбаларын алмастыратын ғимараттарды үш өлшемдік цифрлық жобалаудың жаңа форматын ұсынады.

Конференция барысында құрылыс саласының өкілдері жобалауда, құрылыста және пайдалануда ВІМ-ді, сондай-ақ жаңа ВІМ-бағытталған халықаралық жіктеуші жүйені практикалық қолданудың проблемалық мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект, құрылыс объектілеріне арналған заттар интернетін қолдану, «Ақылды» қала үшін семантикалық модельдерді құру тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және РСҚҒА ҚФҒЗИ Құрылыс министрлігі универститетінің Басқару және ақпараттық модельдеу институты арасында кәсіби стандарттарды бірлесіп әзірлеу және ақпараттық модельдеу саласында қосымша кәсіби білімді дамыту ниеттері туралы келісім жасалды. 

Конференция аясында ВІМ технологияларын толығымен қолдану, оның ішінде ғимараттарды тиімді пайдаланудан түсетін пайдалар, Жасанды интеллект негізіндегі шешімдер, «Заттар интернеті» және ІТ компаниялар мен «Стартап Қазақстан» бағдарламасын тарта отырып, экожүйені дамыту бағытында өзара әрекет ету бойынша ҚазҚСҒЗИ мен «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономдық Кластерлік Қорының серіктесітігі туралы келісім жасалды.

Конференция Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аясында өтті. Ұйымдастырушысы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ).

Іс-шараға құрылыс саласының 200-ге жуық өкілі қатысты. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-нан бөлек, «Мемсараптама» РМК, «Қала құрылыс кадастрі» РМК, AGA CAD Ltd, «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономдық Кластерлік Қорының (бұдан әрі – «ИТП» АКҚ), Autodesk Russia, РСҚҒА ҚФҒЗИ Құрылыс министрлігі универститеті Басқару және ақпараттық модельдеу институтының, «Росатом Центральная Азия» ЖШС, GRAPHISOFT, Renga Software, «ЛИРА софт» ЖШҚ,  KAZGOR ЖА, «ПСС ГРАЙТЕК» ЖШҚ, «Назарбаев Университеті» АБҰ «Салынып жатқан кәсіорындар дирекциясы» ЖМ, «ОДАС Сколково» ЖШҚ, «Орион Жүйе» ЖШС, "КАДФЕМ-Сибстрин" КМ ҒБО компанияларының басқарушылары мен сарапшылары баяндама жасады.

Жақын арада Қазақстанның мемлекеттік инвестиция тартылған барлық маңызды құрылыс объектілері ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша жобаланатын болады. 2018-2019 жылдары құрылыс объектілері циклының әр сатысында, оның ішінде сараптау және пайдалану сатыларында ақпараттық модельдерге қойылатын талаптар бойынша стандарттар құрылады, деп жоспарланып отыр.

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2269410  ішкі 133

pr@kazniisa.kz

www.kazniisa.kz