
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қазандық турбина цехында орналасқан қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың (3 дана) кезекті техникалық куәландыруға (ішкі және сыртқы, гидравликалық сынақ) қатысты.
«Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ереженің 266 және 268 тармақтарына сәйкес техникалық куәландыру арнайы сараптамалық мекеме өткізген. Дәнекерлеу жіктері ультрадыбыстық ақау тапқышпен жүргізіліп, қысымдағы ыдыстың ұштасатын орындары және бақылау нүктелері ультрадыбыстық қалыңдық өлшегішпен тексерілді.
Техникалық куәландыру өткізу кезінде негізгі темірдің ақаулары (жарықшақтар, көз жасы, коррозия, дөңес, қабыршақтар) және дәнекерлеу жіктерінің ақаулары табылған жоқ.
Куәландыру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кемшіліктер анықталмады.


