2020 жылдың бірінші тоқсан бойынша елімізде тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 105% құрады

2020 жылдың бірінші тоқсан бойынша елімізде тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 105% құрады

Атап айтқанда, тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі 8,1% ұлғайды. Бұл өсімге негізінен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (+6%), «RG Gold» ЖШС (+59%), «Майнқайналтын» АҚ (+55%), «Қазхром» ЖШС (+33%) кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілді.

Темір кенін өндіру саласында оң динамика байқалып,  өсім көлемі 22,2% құрады. Оң өсім «Соколов-Сарыбай өндірістік бірлестігі» АҚ (+7%), «Өркен» ЖШС (+10%), «Bapy Mining» ЖШС (+18%) кәсіпорындарында өндіріс көлемінің өсуімен қамтамасыз етілді.

Көмір мен лигнит (көмір концентратын есепке алмағанда) өндіру көлемі 100,2% құрады. Өсім негізінен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да көмір өндіру көлемінің 17%, атап айтқанда 2 218 мың тоннадан 2 597 мың тоннаға дейін өсуімен қамтамасыз етілді.