
Ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 1-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «Консорциум ISKER» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерісті бастады.
Тексеріс «Болашақ» Мұнай және газ кешенді дайындау қондырғысында орналасқан «Батыс Ескене» Теміржол кешені, Қашаған кен орнындағы «ЕПС-2» жасанды аралы және Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «Теңіз» кен орнындағы өндірістік базалары мен нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексеріс жүргізіледі. Тексеріс 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін жүргізіледі.