
Қазақстан 2018 жылдың 19-22 маусымында Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне (ДТК) белсенді түрде дайындалуда. Бұл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, ғылым және техника, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әлемнің 50 елінің іскерлік орта кәсіпқойлары мен ғалымдарын біріктіруге бағытталған ең ауқымды және маңызды салалық іс-шаралардың бірі.
2018 жылы Конгресс: «Инновациялық басымдық - әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді және геологиялық барлау, өндіру және байыту, тәуекелдерді бағалау, саланы цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, халықаралық қаржыландыруды тарту және т.б. мәселелерді қамтиды.
Қазірдің өзінде құрамында Австралия, Австрия, Канада, Польша, Норвегия және Франциядан делегациялар, әлемнің ғылыми және іскер қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары, инвесторлар мен қаржы институттары, сондай-ақ Үкімет басшылары бар 46 ел, 56 профильдік қауымдастық, 41 университет қатысатындарын растады.
Алайда, осы конгресті өткізу жалпы еліміз үшін қандай маңызы бар, қандай мәселелерді шешуге көмектеседі, Қазақстан қандай мақсаттарға қол жеткізеді және Астанада өтетін ДТК 2018-ден не күтуге болады?
Осы және басқа сұрақтарға Конгрестің операторы - түрлі салалық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуде 25 жылдық тәжірибесі бар Iteca қазақстандық көрме компаниясы жауап берді.
Барлығы неден басталды?
2016 жылы қазан айында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі кезінде Қазақстан Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу эстафетасын қабылдады.
Әлбетте, мұндай ауқымды және елеулі оқиғаны өткізу бірінші кезекте еліміздің тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін ашуға, әлемдік компаниялар мен юниор компанияларды тартуға бағытталған. Әсіресе, Астананың АММ мамандандырылған тау-кен металлургиялық конгресінен бастап EXPO 2017 дүниежүзілік көрмесіне дейін осындай шараларды өткізуде мол тәжірибесі бар.
2018 жылғы Конгресті Астана қаласында өткізу мүмкіндігі 2013 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі өткен Монреалда көтерілгенін, ондағы талқылаудың бір мәселесі Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресін Астана қаласында өткізу жөніндегі өтінімі болғанын және Конгрестің халықаралық ұйымдастыру комитеті мүшелерінің еліміздің бастамасын бірауыздан қолдағанын атап өткен жөн.
Венадағы Халықаралық ұйымдастыру комитетінің 97-отырысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов: «Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТКМК 18% құрайды. Міне, сол себепті Астана қаласында 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу біз үшін, әрине, тұтастай алғанда елдің бүкіл секторына оң ықпал ететін ең маңызды іс-шара болып табылады. Мен бүгін біз алған тәжірибе мен білімге сүйене отырып, біз ДТК 2018 жоғары халықаралық деңгейде өткізе аламыз деп сенемін» - деді.
Қазақстан үшін ДТК-ның құндылығы неде?
2018 жылғы ДТК бірден бірнеше ерекше күндермен белгіленген: Конгрес өткеннен бері ширек ғасыр, тау-кен ғылымы саласындағы әлемдік ынтымақтастықты дамытудағы айтарлықтай серпіліске және Дүниежүзілік тау-кен конгресі деген атпен белгілі болған халықаралық ұйымды құруға мұрындық болған 1958 жылы Варшавада алғаш рет өткізілген конгрестің құрылғанына 60 жыл, сондай-ақ Қазақстан астанасының 20 жылдығы.
ДТК өткізу ғылыми-техникалық ортада құнды оқиға болып табылады. Себебі екі онжылдықтың ішінде конгресс аясында кейінірек бүкіл әлемдегі ең ірі өндіріс орындарында қолданылған бірегей жобалар мен әзірлемелер ұсынылды. Астанадағы Конгресс одан өзгеше болмайды, өйткені ол зерттеулері мен соңғы әзірлемелеріне ірі компаниялар қызығушылық білдіретін көптеген ғылыми институттарды тартады.
25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізуге байланысты ұйымдастырушылар мен РеспубликаҮкіметі ең алдымен елге қосымша инвестициялар тарту мүмкіндігіне көп үміт артады.
Мысалы, Конгресс аясында инвесторлармен B2B кездесулер өткізуге арналған еуропалық форматтағы табысты алаң болып табылатын Mines&Money инвестициялық саммиті өтеді.
Mines&Money клубының мақсаты бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібіне инвестиция құю болып табылатын бүкіл әлемнің 2500 инвесторының басын қосады. Осы екі оқиға (ДТК, Mines&Money) арқылы елге жаңа инвесторлар мен әлемдік қаржы институттарын тарту жоспарланып отыр. Себебі бұл сектор капитал қажет ететін сала болып табылады және қазіргі уақытта инвестициялауға бағытталған перспективалы жер қойнауы учаскелерінің көлемі 1 млн. 138 мың шаршы километрден асады.
Сонымен қатар, конгресті өткізу бағдарламасы тартымдылықты арттырып, көптеген қаржы-инвестициялық топтардың қатысуын қамтамасыз ететіндей болып әзірленген. Бұл Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының болашақ цифрлық қызметіне байланысты өзекті мәселе болып табылады. Бұдан басқа, делегаттарға тау-кен металлургия кешенінің нысандарына «өнеркәсіптік экскурсиялар» бағдарламасы аясында техникалық және ғылыми ресурстармен танысуға мүмкіндік беріледі.
ДТК-не екінші «үлкен үміт» Индустрия 4.0 және технологиялар трансфертімен байланысты.
Бұған атап айтқанда, ДТК алаңында экспоненттері пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеуді автоматтандыру және саланы цифрландыру бойынша соңғы әзірлемелерді ұсынатын Mining World Central Asia Орталық Азия халықаралық көрмесін өткізу өз үлесін қосады. Отандық компаниялар өндірістің барлық кезеңдерінде өз жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізуге белсене қатысуда. Сонымен қатар, барлық бизнес-үдерістер: сатып алу, өндіріске қызмет көрсету, сату, қаржыны және қызметкерлерді басқару цифрлық форматқа көшуде.
Қазіргі кезде Конгреске қатысуға халықаралық коммерциялық және инвестициялық ұйымдардың үлкен қызығушылығы және олардың қаржылық қолдауы осындай кең ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік тау-кен конгресі: Астанада өтетін шарадан не күтеміз?
25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресі.
Әлемдік маңызы бар осындай кең ауқымды оқиға бірінші рет тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында өткізілмек. Қазақстан мерейтойлық Конгресті өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ. Елдің қорлары бай минералды-шикізат базасы болып табылады: жер қойнауында периодты кестенің 99 элементі табылған, 5000 әрекет ететін кен орны бар, өндірісте 60-тан астам элементтер пайдаланылады.
Саланың отандық нарығының көрсеткіштері маңызды фактор болып табылады: 2017 жылы тау-кен өнеркәсібінің көлемі 9,3% -ға, өңдеу өнеркәсібі - 5,1% -ға өсті. Түсті металл рудалары мен темір рудасын өндіру сәйкесінше 8,2% және 6,9% артты. Сарапшылар металлургия саласындағы оң динамиканы атап өтті. Бұл өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі: қара металлургияда - 6,6%, ал түсті металлургияда - 5,5%.
2017 жылғы 27 желтоқсанда қол қойылған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген өзгертулер әлемдегі үздік тәжірибеге сәйкес келеді: есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін енгізу аясында заңнаманы жетілдіру жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарын жасау тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді, жер қойнауын пайдалану шарттарын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда Ұлттық ұйымдастыру комитеті (ҰҰК) құрылып, табысты жұмыс істеуде, оның құрметті төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. ҰҰК отырыстары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің базасында өткізіледі. Оған ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес көшбасшылары кіреді.
Бағдарламада барлық негізгі салаларды жаңғыртуға, Индустрия 4.0 бағдарламасының элементтерін іске асыруға және оны әлемдік ТКМК-де қолданудың озық тәжірибесіне байланысты мәселелерге ерекше көңіл аударылады. Тау-кен рудасы саласының әлемдік сарапшылары “Тау-кен өнеркәсібіндегі технологиялық инновациялар мен озық тәжірибе – болашақ бүгін басталады” атты пленарлық отырысына қатысады. Бөлімнің модераторы Вирджиния көмір және энергетика зерттеу орталығының директоры Микаэль Кармис болады. Шақырылған спикерлердің арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ERG S.a.r.l Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), RioTinto бас атқарушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American Марк Катифани (Ұлыбритания) бас атқарушы директоры, Торонто қор биржасының басшысы. Роберт Барнс – London Stock Exchange - Әлемдік басшысы, Кайрат Келімбетов – “Астана” Халықаралық қаржы орталығының басшысы, Скот Фостер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (Швейцария) директоры, Майкл Хитч - Жаңа Оңтүстік Уэльс (Австралия) университетінің профессоры, ХуаГуо – Әлемдік тау-кен конгресінің төрағасы 2021 (Австралия) өздерінің сессияға қатысатындарын растады.
Атап айтқанда, PwC Россия директоры Максим Баранов тау-кен металлургия кешенінің жетекші компанияларының басшыларымен бірге ТКМК-де заманауи тәсілдерді қолдану аясындағы негізгі аспектілерді ашатын болады. Пікірталас бөлімдерінде өнімге деген сұраныстың қалыптасуы, тау-кен компанияларының технологияларды әзірлеу компанияларымен өзара әрекеттестігі, инновациялардың ТКМК дамуына және елдің экономикасына әсер етуіне байланысты мәселелер талқыланады. “Инновациядағы инвестициялар” бөлімінің қорытынды бөлімі сұрақ-жауап түрінде көрсетілген.
Қазіргі уақытқа 36 елден 317 баяндама алынды. Бұдан бөлек 58 елден 337 қауымдастық шақырылып, 46 елдің 150-ден астам қауымдастығы және халықаралық мекемелері өздерінің ДТК-не қатысатындарын растады.