
2018 жылғы 12 наурызда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Азамат Есеновтың төрағалығымен 2018 жылға арналған өндірістік объектілерді қайта жарақтандыру жиынтық жоспарын орындау сұрақтарын талқылау бойынша техникалық кеңес өткізілді. Техникалық кеңеске «Орал» МГҚБ «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы, «Оралмұнайгазгеология» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау МҚБ «Орал» ЖӨДС және «КПО б.в.» ЖТАҚ мекемелерінің өкілдері мен Департамент қызметкерлері қатысты.
Кеңесте 2018 жылғы Жиынтық жоспарын орындау бойынша жоспарланған шаралары туралы мекеме өкілдерінің есебі тындалды.
Өндірістік объектілерді қайта жарақтандыру жиынтық жоспарын орындау барысында келесі шаралар өткізілді:
«Оралмұнайгазгеология» АҚ жүк көтергіш лебедкасы сатып алынды, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау МҚБ «Орал» ЖӨДС мұнай жылыту пешінің диагностикасы өткізілді, «Орал» МГҚБ «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы ұстағыш ысырмаларын сатып алуына тендер жарияланды, «КПО б.в.» ЖТАҚ клапанды сатып алуына өтінім берілді.
Техникалық кеңестің қорытындысы бойынша мекемелердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті өңдірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспар тармақтарының орындалуы бойынша жұмыстарды жүргізу мен Департаментке осы жоспар тармақтарының орындалуы жөнінде ақпарат ұсыну көзделді. Департамент қызметкерлерімен қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдаланудың басты шарттарының бірі болып жұмыстың істелген нормативтік мерзімі бар техникалық құрылғылардың қазіргі заманғы жаңартуы болғандықтан, жүргізілген іс-шаралардың маңыздылығы аталып өтілді.
