
2018 жылғы 26 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовпен бекітілген Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қайырымдылықты дамыту және үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 22-Наурыз мерекесіне орай өткізілетін «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция аясында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Тасарық 6 үй мекенжайының тұрғыны аз қамтылған Аққошкарова Салтанаттың отбасына азық түлікпен (күріш, түрлі макарон өнімдері, шай, май, қант, көкөністер, тәттілер т.б.) көмек көрсетілді.
Арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разылығын білдірген Аққошкарова Салтанат Департамент ұжымына алғысын жаудырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ризашылығын білдірді.