
2018 жылдың 27 наурызында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) жеке құрамымен, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі заңгерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – өзекті мәселе» тақырыбында семинар жиналыс өткізілді.
Тау-кен техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы Қозы Нақыпов ағымдағы жылы Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің заңгері Шора Кенжебаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер жеткізіп, түсіндірулер жүргізді.

