Инвестициялар және даму министрлігі Наурыз мейрамын ерекше атап өткені үшін марапатталды

Инвестициялар және даму министрлігі Наурыз мейрамын ерекше атап өткені үшін марапатталды

Бүгін, 29 наурыз күні «Жастар театры» ғимаратында Астана қаласы әкімідігінің ұйымдастырумен «Астана наурызы-2018» байқауының қорытындысы жарияланып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын Астана қаласында ерекше қарсы алып, жоғары деңгейде атап өткен ұжым ретінде ҚР Инвестциялар және даму министрлігі марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИДМ аясында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара ағымдағы жылдың 20 наурызында өтті. Байқау түрінде ұйымдастырылған мерекелік шарада комитеттер мен департаменттер 10 топқа бөлініп, 10 елдегі Наурыздың қалай тойланатынын шағын қойылым арқылы жеткізді. Одан бөлек, асық ату, дартс, гір көтеру және мақал-мәтел айтудан сайыс өтіп, жеңімпаздар анықталып, арнайы марапатталды.

Мерекелік шараның қонағы ретінде Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысып, байқауға қатысты бағаларын берді.