Қызылордада «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерің сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырыс болып өтті

Қызылордада «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерің сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырыс болып өтті

2018 жылдың 28 наурызында «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерің сапасы» тақырыбында кәсіпкерлік субъектілерінің, жобалаушы кәсіпорын және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Қызылорда филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Департамент басшысының орынбасары Берік Стамқұловтың төрағалық етуімен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 924 Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы e.zan.gov.kz Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер эталонды бақылау банкінде ресми жарияланып, 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енетіндігі айтылды.

Осыған байланысты қауіпті өндірістік нысан иелеріне «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты баламасыз түрде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылатындығы ескертілді.