Технологияларды трансферттеудің Еуразиялық жүйесін құру және жұмыс істеу тұжырымдамасы қабылданды

Технологияларды трансферттеудің Еуразиялық жүйесін құру және жұмыс істеу тұжырымдамасы қабылданды

Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында  Технологияларды трансферттеудің Еуразиялық жүйесін құру және жұмыс істеу тұжырымдамасы қабылданды (бұдан әрі – ТТЕЖ). Оны әзірлеуде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған (2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 Еуразиялық Үкіметаралық Кеңесінің Шешімімен бекітілген).

ТТЕЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейін арттыруға, өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз етуге, тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін инновациялық ынтымақтастыққа ұйымдық қолдау көрсетуге бағытталған.

ТТЕЖ Одаққа мүше-мемлекеттердің ұлттық ресурстарымен интеграциялау мүмкіндігімен технологиялардың трансфері үшін технологияларды, ықтимал серіктестер мен жеткізушілерді іздеу үшін   негізгі ақпараттық және интеграциялық ресурсы ретінде құруы Одақтың ықпалданған ақпараттық жүйесі арқылы қолданыстағы платформаның (http://eurasianindustry.org) базасында қарастырылмақ.

ТТЕЖ қазақстандық бөлігінің жұмыс істеуі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның құралдары арқылы жүргізілетін болады.

Фото ашық ақпарат көзінен