«Kazakh Invest» инвестклиматты жақсарту бойынша жаңа заңнамалық бастамаларды сарапшылармен талқылады

«Kazakh Invest» инвестклиматты жақсарту бойынша жаңа заңнамалық бастамаларды сарапшылармен талқылады

«Kazakh Invest» инвестициялық даулардың сотта қаралуы, салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыс деп танымау, көші-қон режимінің процедуралары сияқты салаларда жаңа заңнамалық бастамалар көтеріп, оны Астана қаласында өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.

Бүгін Астана қаласында сарапшылар мен Жоғары сот, мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, инвестициялық қоғам және Қазақстан Республикасының бизнес ортасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «100 адым» бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық сот жүргізу институты жұмысын бастады және бұл еліміздегі инвестициялық климатты жақсартудың негізгі факторына айналды.

«Қазіргі уақытта инвесторлар құқық қолдану тәжірибесі, ведомствоға бағыныштылық және инвестициялық даулардың сотта қаралуы бойынша мәселелерге жолығып отыр. Бүгінгі таңда инвесторлармен өткізілген талдау мен әртүрлі диалогтарда айтылған мәселелерді есепке алып бірқатар бастамаларды талқылағымыз келеді. Атап айтқанда, қылмыстылықты анықтау, «инвестициялық дау» түсінігін кеңейту, инвестициялық дауларды апелляциялық қаралуына мүмкіндік беру» - деп дөңгелек үстел барысында «Kazakh Invest» меңгеруші директоры Әсел Сүгірбаева атап кетті.

Шетел инвесторларымен ашық келіссөз алаңын құру мақсатында «Kazakh invest» құрылымында шетелдік инвесторлардың елімізде бизнес жүргізуде мүддесінің қанағаттануына талдау өткізетін, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға сүйемелдеу, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді шұғыл тәртіпте және жүйелі түрде шешуді қамтамасыз ететін Сервистік қолдау және инвестициялаудан кейін мониторинг департаменті құрылғанын атап кету керек.

«Kazakh Invest» инвесторлардың тілектерінің ескерілуіне мүдделі және әрбір инвестор өтініш-тілегін айта алатын алаң құрдық», - деп атап кетті Ә.Сүгірбаева.

Жоғары соттың мамандандырылған алқа соты Ж.Б.Ермағамбетова атап кеткендей, қазіргі уақытта Жоғары сот халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында ашықтықты қамтамасыз ету және өзара ашық әрекетке көшу шараларын қабылдап жатыр, оның ішінде диалогқа жариялы түрде қол жеткізу және кедергісіз хабарласу мүмкіндігін беру жолдары бар. Қазіргі уақытта Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қабылданады деп күтілуде, сондай-ақ, дөңгелек үстелде қозғалған мәселелер мен сот мәселелері енетін әкімшілік іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы жасалып жатыр.

Қатысушылар іс жүргізу заңнамасының түрлі аспектілерін талқылады. «Ernst&Young» компаниясының өкілдері іс жүргізу мерзімін ұзарту, сондай-ақ шағымды қамтамасыз ету шараларын қайта қарауға шақырды. «Grata» компаниясының заңгерлері экологиялық және салық заңнамасы мәселелерін қозғады, сондай-ақ инвестициялық даулардың сотта қаралуы тақырыбының өзектілігін растады.

KAZAKH INVEST алаңында өткен дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заңнамалық бастамалар қалыптастыру үшін бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді және инвестициялық климатты жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарын бір қалыпқа түсірді.