Министрлікте заң шығармашылығы қызметінің мәселелері қаралды

Министрлікте заң шығармашылығы қызметінің мәселелері қаралды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Жауапты хатшы Замир Сагиновтың төрағалығымен ведомстводағы заң шығармашылығы қызметі мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиында заң шығармашылығы қызметі мен министрліктің талап-арыздары қызметінің мәселелері, сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) құқықтық мониторинг жүргізудің негізгі қағидалары талқыланды.

ҚР ИДМ Заң департаментінің директоры Айдар Алиакпаров 2018 жылдың І тоқсанын қорытындылап, құрылымдық комитеттердің заң шығару қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ, НҚА жобасын әзірлеудегі негізгі проблемалар, НҚА жобасын әзірлеу жоспарын іске асыру, НҚА-ны қолданыстағы заңнамамен уақытылы сәйкестендіру және министрліктің қатысуымен өтетін азаматтық істер бойынша соттарға қатысты мәселелерді қозғады.